Су айналымы моделі
Бұл жобада оқушылар қарапайым материалдар мен мини-сорғыны пайдалана отырып, табиғаттағы су айналымының жұмыс істейтін моделін құрастырады және булану, конденсация, жауын-шашын үдерістерінің өзара байланысын іс жүзінде бақылайды!
| Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер | 5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғаттағы заттардың айналымы, үгілу, тау жасалу, климаттық үдерістер). |
- Картон
- Пластик ыдыс (тіктөртбұрышты, 750 мл) - 1 дана
- Түсті қағаз (көк - 2 дана, сары - 1 дана) - 3 дана
- Түтікше D-6 - 1 дана
- Стержень - 1 дана
- Силикон шланг (20 см) - 1 дана
- Су сорғы - 1 дана
- Батарея бөлімі (3АА) - 1 дана
- Батарея (АА) - 3 дана
- Светодиод - 1 дана
- Сым (кез келген) - 2 дана
- Ыстық желім, қайшы, скотч, фломастер, су.
