Flashforge Adventurer 5M 3D принтері
Бұл сабақтар не береді:
Flashforge Adventurer 5M 3D-принтерімен жұмыс жасау сабақтары оқушыларды цифрлық идеяларын нақты физикалық нысандарға айналдыруға, инженерлік және кеңістіктік ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ STEAM бағытындағы жасампаздық (мейкерлік) дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар 3D-модельдерді өңдеу және басып шығару процесін меңгеру арқылы жобалау, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды түсіну және проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіреді. Бұл сабақтар инженерия, робототехника, дизайн, физика және IT бағыттарындағы оқу жобаларында қолдануға өте қолайлы.
Сабақтардың мақсаты:
- 3D-принтердің құрылысын, жұмыс принципін және қауіпсіздік техникасын түсіндіру;
- Orca-Flashforge (слайсер) бағдарламасында 3D-модельдерді басып шығаруға дұрыс дайындауды (G-code жасау) үйрету;
- Принтерді филаментпен (мысалы, PETG) заправкалау, басып шығару процесін іске қосу, бақылау және дайын бөлшекті қауіпсіз алу дағдыларын қалыптастыру;
- 3D-басып шығару барысында кездесетін жиі кездесетін қателерді диагностикалау және оларды жоюға машықтандыру;
- STEAM бағытындағы өнертапқыштық және инженерлік-техникалық мәдениетті дамыту.
