xTool M1 Ultra: Базалық курс
xTool M1 Ultra көпфункциялы станциясымен жұмыс жасау сабақтары оқушыларға заманауи өндіріс технологияларын игеруге, инженерлік-дизайнерлік дағдыларды дамытуға және кез келген шығармашылық идеясын нақты өнімге айналдыруға бағытталған. Қатысушылар лазерлік кесу, түрлі-түсті сиялы басып шығару, плоттерлік пышақтармен жұмыс және фольгамен бедерлеу технологияларын бірге қолдана отырып, кеңістіктік ойлау мен техникалық сауаттылығын арттырады. Бұл сабақтар STEAM жобаларын жасауға, робототехникаға, макеттеуге және дизайн бағыттарында қолдануға өте қолайлы.
Сабақтардың мақсаты:
- xTool M1 Ultra «4-еуі 1-де» станогының құрылысы мен xTool Creative Space (XCS) бағдарламасында жұмыс істеу принциптерін түсіндіру;
- Әртүрлі материалдармен (фанера, картон, мата, металл) қауіпсіз жұмыс істеу үшін сәйкес модульдерді (лазер, пышақтар, принтер, фольга) дұрыс таңдау дағдысын қалыптастыру;
- Жазық және көлемді (цилиндрлік) заттарда жоғары дәлдіктегі оқу макеттерін, бөлшектер мен кәдесыйларды жасап шығаруға үйрету;
- Заманауи құрал-жабдықтарды қолдана отырып, оқушылардың инженерлік-техникалық және креативті ойлау мәдениетін дамыту.
